Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан Республикасының энергетикалық компанияларының мүдделерін біріктіретін салалық бірлестік – «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ арасында жұмыс кездесуі өтті.

ҚЭЭҚ тарапынан кездесуге қатысты:

🔹 Темирханов Талғат Кенесұлы — Қауымдастық төрағасы;
🔹 Құрбаналиев Әлішер Әбуұлы — Төраға орынбасары;
🔹 Тұңғышбаева Лейла Манатқызы — Адам капиталын дамыту департаментінің директоры.

ЕҚРҒЗИ тарапынан:

🔹 Бекмагамбетов Алимжан Бауыржанұлы — Бас директордың м.а.;
🔹 Сарыбаева Инара Елшатқызы — Бас директор орынбасарының м.а.;
🔹 Саттыбаев Азамат Батырұлы — Сатып алу бөлімінің басшысы;
🔹 Райхан Мейір Серікұлы — Еңбекті стандарттау және нормалау орталығының басшысы.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы жылу электр станциялары мен өңірлік электр желілік компаниялары қызметкерлерінің саны бойынша үлгілік нормативтерді әзірлеу мәселелері бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Тараптар алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындап, салалық нормативтерді жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

Мазмұнды диалог пен сындарлы ұстаным үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз! 🤝

← Барлық жарияланымдарға