ЕҚРҒЗИ-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқыту сапасының өзекті мәселелері талқыланды

2026 жылғы 10 қыркүйекте «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-да «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқыту сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, ірі ұйымдардың өкілдері және ЕҚРҒЗИ мамандары қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы оқыту мен біліктілікті арттыру жүйесін реформалау, жұмыскерлерді, басшыларды және қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды даярлау сапасын арттыру мәселелері болды.

Қатысушылар:

🔹 оқытуды ұйымдастырудың жаңа құралдары мен тәсілдерін;
🔹 еңбекті қорғау бойынша даярлау сапасына әсер ететін факторларды;
🔹 жұмысты қауіпсіз орындау әдістері мен тәсілдерін оқытудың практикалық бағыттарын жетілдіруді;
🔹 білімді тексерудің объективтілігін;
🔹 жұмыскерлер мен мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел ашық кәсіби диалог форматында өтіп, қатысушылар тәжірибе және пікір алмасты, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімді тексеру қағидаларын іске асыруды жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарын ортаға салды.

Ашық кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және нақты ұсыныстар — барлығы бір мақсатқа: Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

ЕҚРҒЗИ оқытуға заманауи тәсілдерді дамыту және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

← Барлық жарияланымдарға