Еңбекті стандарттау және нормалау орталығы
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі.
Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін еңбек жөніндегі ғылыми негізделген нормативтерді әзірлеу және қайта қарау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды әзірлеу және өзектендіру.

Орталық әзірлейтін нормативтер
- Уақыт нормативтері
- Сан нормативтері
- Басқарушылық нормативтерібағыныштылар саны
- Өнімнің еңбек сыйымдылығы нормативтері
- Қызмет көрсету нормативтері
Еңбек нормативтерінен бөлек, орталық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды әзірлейді және өзектендіреді.
Негізгі бағыттар
Нормативтерді әзірлеу және қайта қарау
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес өндіріске ғылым мен техниканың, озық технологиялардың жетістіктерін енгізуге байланысты еңбек жөніндегі ғылыми негізделген нормативтерді әзірлеу және қайта қарау.
Тәжірибе алмасу
Еңбекті нормалау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы стандарттау мәселелері бойынша конференциялар мен семинарларға қатысу.
Ұйымдарға арналған қызметтер
Еңбек нормативтерін әзірлеу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы стандарттау бойынша ақпараттық, консультациялық, ғылыми-зерттеу және енгізу қызметтері.
Нұсқаулықтар
Курс skills.enbek.kz платформасында орналасқан.
