Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығы
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі.
Қызмет мақсаты
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау және өндірістік объектілерді аттестаттау негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаңғырту бойынша сараптамалық-талдамалық қызметтер көрсету.

Орталық басшысы
Есбенбетова Жанат Халыковна
Орталық қызметінің бағыттары
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мыналар үшін пайдаланылады
- Өндірістік объектілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу
- Өндірістік орта жағдайларының және жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігінің нақты жай-күйін бағалау
- Қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және стандарттар талаптарына сәйкестігін айқындау
- Зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеу фактісін растау, аурудың кәсіппен байланысын айқындау және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеу, оның ішінде дауларды сот тәртібімен шешу кезінде
- Өндірістік объектіні немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау
- Еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау
- Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруда сақтанушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді, жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу
- Қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зиянды өндірістік факторлар және олардан қорғану шаралары туралы дұрыс ақпарат алуы
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау кезеңдері
-
Факторларды анықтау
Зиянды және қауіпті факторларды анықтау: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.
-
Тәуекелдерді бағалау
Еңбек жағдайларының зияндылығын, жұмыс орнының жарақат қаупін, жабдықтың қауіпсіздігін, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін және сырқаттану қаупін бағалау.
-
Нәтижелерді ресімдеу
Нысандар мен хаттамаларды толтыру, есеп дайындау.
