Бірыңғай оқу-әдістемелік орталығы (БОӘО)

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЕҚРҒЗИ) құрылымдық бөлімшесі.

Орталық туралы

БОӘО кәсіби құзыреттерді арттыру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелілігін талдайды және бағалайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы инновациялық тәжірибені жинақтап, таратады.

Орталық білім, тәжірибе және озық практикалармен алмасу алаңы болып табылады және бірыңғай оқыту стандарттары мен әдістемелік қолдау арқылы мамандарды даярлау сапасын арттырады.

Рахимова Гульнур Мешитбаевна
Орталық басшысы
Рахимова Гульнур Мешитбаевна

Негізгі мақсаттар

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кәсіби құзыреттерді дамытудың негізгі деңгейлерін, нысандары мен түрлерін қамтитын ұлттық жүйені қалыптастыру
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кәсіби құзыреттерді дамыту жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында білім беру сапасын тәуелсіз бағалау жүйесін қалыптастыру (оның негізгі деңгейлерін, нысандары мен түрлерін қамти отырып)
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кадрларды даярлау сапасын мониторингтеу жүйесін қалыптастыру
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Негізгі міндеттер

  • Еңбек нарығын мониторингтеу, оның біліктіліктерге және кәсіптік білім беруге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыскерлер қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізуге жәрдемдесу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау, заманауи үрдістер мен проблемаларды талдау, тиімді практикаларды айқындау
  • Әлеуметтік мәселелерді шешу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласын қолдау және дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен, ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік серіктестермен әріптестік қатынастар орнату
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс істеуге қажетті мамандандырылған білім мен дағдыларды ұсыну, көмек пен қолдау көрсету
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының жұмыскерлеріне арналған әдіснама, әдістемелік материалдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірлеу, жұмыс әдіснамасы мәселелері бойынша консультация беру
  • Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және мамандарға арналған тағылымдамаларды, шеберлік сыныптарын және оқытудың өзге де нысандарын ұйымдастыру және өткізу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Негізгі функциялары мен қызмет бағыттары

20 бағыт
  • Бірыңғай білімді тексеруді ұйымдастыру және өткізу
  • Еңбек нарығын кемінде 2 жылда бір рет мониторингтеу, оның әлеуметтік даму саласындағы біліктіліктер мен кәсіптік білім беруге қажеттіліктерін қамтамасыз ету
  • Кәсіптік стандарттар мен біліктілік талаптарын әзірлеу және өзектендіру
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы барлық деңгейдегі, нысандағы және түрдегі білім беру бағдарламаларын бағалау әдістемелері мен стандарттарын әзірлеу, түзету және енгізу
  • Оқыту ұйымдарының қызметін мониторингтеу
  • Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, тиісті санат бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға арналған бақылау-өлшеу (бағалау) құралдарын әзірлеу және өзектендіру
  • Үлгілік оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды оқу-әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кадрлар даярлауға байланысты барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларына және қосымша кәсіптік бағдарламаларға сараптама жүргізу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында білім беру сапасын бағалау үшін тартылатын сарапшылар тізбесін (сараптамалық қоғамдастықты) қалыптастыру
  • Оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге органдармен, шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
  • ЕҚРҒЗИ қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу және баспа қызметін жүзеге асыру
  • БОӘО-ның ұйымдық құрылымы, жұмысты ұйымдастыру және қызметкерлердің еңбегін ынталандыру нысандары бойынша ұсыныстар әзірлеу
  • Құзырет шегінде ғылыми қызмет, өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстар бойынша конкурстар өткізу
  • Ақпараттық-талдамалық қызметті жүргізу
  • Білім беру бағдарламаларын өзектендіру үшін ұсынымдар қалыптастыру
  • Оқыту ұйымдарының, мамандандырылған ұйымдардың, лекторлардың, берілген сертификаттардың және т.б. тізбелерін қалыптастыру және жүргізу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мамандарға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру: біліктілікті арттыру курстары, шеберлік сыныптары, семинарлар, конференциялар
  • Сарапшыларды, лекторларды, оқытушыларды (ЖОО, колледждер, оқыту ұйымдары, жеке тұлғалар), еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдерді бағалау жөніндегі мамандарды, мемлекеттік еңбек инспекторларын және т.б. оқыту және олардың біліктілігін арттыру

Нұсқаулықтар

Курс skills.enbek.kz платформасында орналасқан.

Ақпараттық материалдар

Орталықпен байланыс

Байланыс деректері мен сұрағыңызды қалдырыңыз, орталық мамандары сізбен хабарласады.