Кәсіби тәуекелдерді бағалау және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша екі ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру аясында «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚҒЗИ» ШЖҚ РМК қызметкерлері Көкшетау қаласындағы «ENKI» ЖШС кәсіпорнында жұмыс жүргізді.
Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері Э.А. Кулмагамбетова мен Г.К. Алшынбекова кәсіби тәуекелдерді бағалау тетіктерін жетілдіруге және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған ғылыми-практикалық әзірлемелерді апробациялау іс-шараларын жүзеге асырды.
Пилоттық жобалар Қазақстанның бірқатар өңірлерінде іске асырылып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізуге, өндірістік тәуекелдерді төмендетуге және еңбекті қорғау саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған.
ЕҚРҒЗИ еңбек қауіпсіздігі саласындағы ғылыми және практикалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ кәсіби тәуекелдерді басқарудың тиімді құралдарын енгізу бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.



