Басшылық
Отаров Ертай ЖалгаспаевичORCID

Отаров Ертай Жалгаспаевич
Медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор
Жалпы мәліметтер, білімі
1975 жылы 14 сәуірде туған.
1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі — гигиенист-эпидемиолог дәрігер. Кейіннен денсаулық сақтау саласындағы экономика, экология және менеджмент бойынша білім алған.
- 2005 ж.Медицина ғылымдарының кандидаты.
- 2010 ж.Медицина ғылымдарының докторы.
- 2011 ж.Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің профессоры.
- 2025 ж.Қауымдастырылған профессор.
Еңбек жолы
- 1999 ж.ҚР Ғылым министрлігі — Ғылым академиясы Еңбек физиологиясы және гигиенасы институтының өнеркәсіптік гигиена зертханасының кіші ғылыми қызметкері.
- Кейінгі жылдарыҒылыми және медициналық ұйымдарда ғылыми қызметкер, оқытушы, профессор, құрылымдық бөлімшелердің басшысы және директор.
- 2014–2020 жж.Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды облыстық филиалының директоры.
- 2024 ж.Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының басшысы.
- 2025–2026 жж.Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығының Басқарма төрағасы — директоры.
- 2026 ж. 6 қазаннан бастапҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директорының міндетін атқарушы.
Ғылыми қызметі
Еңбек гигиенасы, кәсіптік патология, зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлер денсаулығына әсері, кәсіптік тәуекелдерді басқару. 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. 2019–2020 жж. — «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы.
Марапаттары
- 2013 ж.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
- 2016 ж.«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» наградасы.
- 2026 ж.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» медалі.
Қабылдау кестесі
- Сейсенбі, 15:00–17:00
- Бейсенбі, 15:00–17:00
Бекмагамбетов Алимжан БауржановичORCID

Бекмагамбетов Алимжан Бауржанович
Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Жалпы мәліметтер, білімі
1979 жылы 23 қазанда Қостанай облысы Семиозерный (қазіргі Әулиекөл) ауданының Октябрьский кентінде туған.
2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын үздік бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Еңбек жолы
- 2000 ж.Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының оқытушысы.
- 2001–2019 жж.Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында аға оқытушы, құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі, ғылыми-зерттеу жұмысы секторының меңгерушісі, филиал директорының ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары; Қостанай облысы әкімінің бас инспекторы — әкімнің баспасөз хатшысы; ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бас ғылыми қызметкері.
- 2019–2021 жж.А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, Іргелі зерттеулер институтының директоры, ғылым және интернационалдандыру жөніндегі проректордың міндетін атқарушы; «Тұран-Астана» университетінің ғылым, аккредиттеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры; ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясының әкімшілік басқармасының басшысы, әкімшілік-басқару департаментінің директоры; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық құқық және процесс кафедрасының доценті.
- 2022 ж. қаңтар–тамызҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің басшысы, бас директордың коммерцияландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
- 2023 ж. қаңтардан бастапҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
Қосымша
Екі үкіметтік емес ұйымды басқарған. Қоса атқару бойынша ҚР ІІМ Қостанай заң институтында және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде сабақ берген.
Қабылдау кестесі
- Сәрсенбі, 15:00–17:00
- Жұма, 15:00–17:00
Искакова Айман СериковнаORCID

Искакова Айман Сериковна
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика бойынша қауымдастырылған профессор
Жалпы мәліметтер
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика доценті. Математикалық модельдеу, деректерді статистикалық талдау және еңбекті нормалау саласының маманы. Жалпы және ғылыми-әдістемелік өтілі — 30 жылдан астам.
Еңбек жолы
- 2000–2006 жж.ҚР БҒМ Математика институтының «Аппроксимация теориясы» зертханасының ғылыми қызметкері.
- 2006–2021 жж.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті.
- 2017 ж.Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Савония» қолданбалы ғылымдар университетінде (Куопио қ., Финляндия) сабақ берген.
- 2021–2025 жж.«BilimLand» ЖШС бас әдіскері.
- 2025 ж. — 2026 ж. маусымҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Еңбекті стандарттау және нормалау орталығының басшысы.
- 2026 ж. 15 маусымнан бастапҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы.
Ғылыми қызметі
Математикалық статистика, ықтималдықтар теориясы, статистикалық модельдеу, уақыттық қатарларды талдау, әлеуметтік-экономикалық процестер, еңбекті нормалау және ұйымдастыру. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларының қатысушысы. Отандық және шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың авторы.
Марапаттары
- 2015 ж.«Қазақстан Республикасы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы.
- 2017 ж.ҚР БҒМ алғыс хаты.
- 2020 ж.«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.
- 2025 ж.ҚР ЕХӘҚМ алғыс хаты.
Облыстық филиалдардың директорлары

Қызылорда облыстық филиалы

Атырау облыстық филиалы

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Жамбыл облыстық филиалы

Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Қарағанды облыстық филиалы

Павлодар облыстық филиалы

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиал

