2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – екі ғылыми ұйым арасында әріптестік қатынастар орнату.
Кездесу ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының алаңында жылы әрі достық ниетте өтті. Тараптар ғылыми, сараптамалық және консалтингтік қызмет салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен кең мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында ЕҚРҒЗИ Бас директорының м.а., з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бекмагамбетов Алимжан Бауыржанұлы және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Джигитекова Жанара Нұржанқызы институттар арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың, тәжірибе мен қолда бар әлеуетті алмасудың, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қызмет саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Ж. Джигитекова Институт қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты ғылыми-құқықтық, ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми-лингвистикалық сараптамалар жүргізу жөніндегі оператор болып табылады.
ЕҚРҒЗИ Бас директорының м.а. А. Бекмагамбетов нормативтік құқықтық құжаттардың тиімділігін бағалау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға, оқыту іс-шараларын өткізуге және ынтымақтастықтың өзге де нысандарын дамытуға қызығушылық білдірді.
Атап айтқанда, ғылым мен практиканың өзара қызығушылық тудыратын бағыттары бойынша бірлескен жарияланымдар әзірлеу, ғылыми-практикалық іс-шараларды бірлесіп өткізу, сондай-ақ ғылыми зерттеулер аясында бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Кездесуге ЕҚРҒЗИ делегациясының құрамында:
▫️ Рахметова Анар Мұратқызы — Ғылыми зерттеулер орталығының басшысы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор;
▫️ Насырова Гүлмира Анатольевна — Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, э.ғ.д., қауымдастырылған профессор;
▫️ Мухамбетова Алия Квайдуллиевна — комплаенс-офицер;
▫️ Кульмагамбетова Эльмира Амангелдіқызы — жетекші ғылыми қызметкер, х.ғ.к.
Кездесудің жеке бір бөлігі институттар арасында өзара жинақ басылымдарымен достық форматта алмасуға арналды. ЕҚРҒЗИ ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының кітапханасына кітаптар мен монографиялар табыстады. Өз кезегінде әріптестеріміз ЕҚРҒЗИ кітапхана қорын өздерінің басылымдарымен толықтырды. Бұл алмасу кәсіби және ғылыми диалогтың символдық жалғасына айналды.
Кездесу соңында ЕҚРҒЗИ Бас директорының м.а. А. Бекмагамбетов әріптестерді өзара іс-қимыл мәселелерін ғылыми, сараптамалық және кәсіби қызмет бағыттарында одан әрі талқылау үшін ЕҚРҒЗИ алаңына шақырды.
🤝 Тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
ЕҚРҒЗИ әріптестеріне жылы қабылдауы, сындарлы диалогы және бірлескен жұмысқа қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді!



