2026 жылғы 2 қыркүйекте Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ғылыми-зерттеу тобының отырысы өтті.

Астана қ.

Отырыс барысында «Қызметкерлерді еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті факторларының әсерінен ұжымдық қорғау құралдарын таңдау және қолдануды нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық реттеуді оңтайландыру бойынша ғылыми негізделген стратегия әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

Қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының ағымдағы бағыттарын, бағдарламаны іске асырудың аралық нәтижелерін және алдағы жұмыс кезеңдерін талқылады.

Зерттеу тобының құрамына Институт басшылығының және ғылыми құрамының өкілдері кірді:

🔹 Кульмагамбетова Э.А. — Ғылыми зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты;
🔹 Бекмагамбетов А.Б. — Бас директордың міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
🔹 Сарыбаева И.Е. — Ғылыми зерттеулер орталығы басшысының орынбасары, магистр;
🔹 Искакова А.С. — Ғылыми хатшы, физика-математика ғылымдарының кандидаты;
🔹 Бухаров Н.Ш. — Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және цифрландыру бөлімінің басшысы;
🔹 Пернекулов М.М. — Ғылыми-инновациялық бөлімнің басшысы;
🔹 Райхан М.С. — Еңбекті стандарттау және нормалау орталығының басшысы, магистр, докторант;
🔹 Алшынбекова Г.К. — Ғылыми зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;
🔹 Исамадиева Г.Е. — Ғылыми зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты;
🔹 Сұлтан Д.Ғ. — Ғылыми зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, PhD;
🔹 Жанғабыл З.С. — Ғылыми зерттеулер орталығы басшысының орынбасары, PhD;
🔹 Едильбаева Л.И. — Ғылыми зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты;
🔹 Токатова Р.А. — Ғылыми зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, магистр;
🔹 Ташенов А.Ш. — Ғылыми зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері, магистр.

🔬 Зерттеу тобының жұмысы қызметкерлерді еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті факторларынан қорғау жүйесін жетілдіруге, ұжымдық қорғау құралдарын тиімді таңдау және қолдану бойынша ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеуге, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы нормативтік реттеуді одан әрі жетілдіруге бағытталған.

← Барлық жарияланымдарға