ISO 45001:2018 бойынша халықаралық семинар

Астана қ.

2026 жылғы 6–7 тамызда ISO 45001:2018 халықаралық стандартының талаптары мен практикалық қолданылуына арналған халықаралық семинар өтті.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және стандарттау саласындағы мамандар қатысты.

🎓 Семинардың спикері — Mr. Wang Qiang, ҚХР сертификаттау және стандарттау саласының сарапшысы, CQM Бақылау кеңесінің төрағасы.

Семинар барысында кәсіби тәуекелдерді басқару, ISO 45001:2018 стандартын енгізу, сәйкестікті бағалау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі талқыланды.

🤝 Іс-шара халықаралық тәжірибе алмасуға және еңбек қауіпсіздігі саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытуға мүмкіндік берді.

#РҒЗИОҚ #ISO45001 #ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ХалықаралықЫнтымақтастық

← Барлық жарияланымдарға