Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының (ЕҚРҒЗИ) өкілдері Еркінбекқызы Айзада мен Жанат Халықовна қызметтік іссапармен Стамбул қаласында (Түркия Республикасы) İstanbul Fuar Merkezi аумағында өткен ISAF International 2026 халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме барысында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, кәсіби тәуекелдерді басқару және қызметкерлерді қорғау салаларындағы шетелдік ұйымдар мен өндірушілер ұсынған заманауи технологиялармен, жабдықтармен және жұмыс орындарындағы қауіпсіздік құралдарымен танысу өтті.
Сондай-ақ Yangın Konferansı (Fire Conference) конференция бағдарламасына қатысып, өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға әрекет ету мәселелері қаралды. Шетелдік өрт-құтқару қызметтерінің тәжірибесі де таныстырылды.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс істейтін ұйымдар мен өндірушілердің экспозициясына шолу жасалды. Алынған ақпарат ғылыми-зерттеу қызметінде, соның ішінде кәсіби тәуекелдерді бағалау мен басқарудың, өндірістік тәуекелдердің алдын алудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін зерттеуде практикалық әрі ғылыми қызығушылық тудырады.



