🔹ЕҚРҒЗИ халықаралық ынтымақтастықты кеңейтті

2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының (ЕҚРҒЗИ) өкілі Гүлмира Анатольевна Насырова халықаралық серіктестікті дамыту бағытында маңызды кездесу өткізді.

Кездесу барысында ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (МГУ) өкілі профессор Инесса Саркисовамен және Ереван мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы Карлен Хачатрянмен ғылыми байланыс орнатты. Сонымен қатар Нидерланды мен Польша ынтымақтастық бойынша келісімге қол жеткізілді.

Тараптар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және озық халықаралық тәсілдерді енгізу мәселелерін талқылады.

Бұл серіктестік институттың ғылыми әлеуетін арттырып, Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесін дамытуға ықпал етеді.

← Барлық жарияланымдарға