Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында «Оқыту жөніндегі маман (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі лектор, тренер)» бағдарламасы бойынша 72 академиялық сағаттық оқу курсы өтуде.
Бағдарлама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқыту жүргізетін мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Курс барысында қатысушылар ересектерді оқытудың заманауи әдістерін меңгеріп, оқу бағдарламаларын әзірлеуді, цифрлық құралдарды қолдануды және тиімді тренингтер өткізуді үйренеді.
👩🏫 Сабақты Г.М. Рахимова жүргізеді.
Оқыту барысында практикалық сабақтарға, оқытушылық дағдыларды дамытуға және оқу нәтижелерін бағалауға ерекше көңіл бөлінеді.
Алған білімдері мен дағдылары қатысушыларға кәсіби оқыту сапасын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.



