📌 Жұмысынан айырылған кезде төлемді ұзақ алу маңызды ма, әлде тұрақты табысқа тезірек оралу ма?

Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқарады. Бұл өзгерістің негізгі мақсаты – азаматтарға уақытша қаржылай қолдау көрсете отырып, олардың мүмкіндігінше тез жұмысқа орналасуына және тұрақты табысқа қайта оралуына көмектесу.

Жұмысынан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлемнің үш айлық мерзімі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Сонымен қатар мемлекет азаматтардың еңбек нарығына қайта оралуы үшін бірқатар қолдау шараларын ұсынады. Олардың қатарында жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, тегін оқу және қайта даярлау курстарына жіберу, сондай-ақ субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі бар.

Төлемді есептеу тәртібі де жетілдіріледі. Ол бұрынғыдай азаматтың жұмыс істеген кезеңдегі табысына қарай есептеледі. Алайда есепке алынатын айлық табыстың жоғарғы шегі 595 мың теңгеден аспайды. Бұл ретте әлеуметтік төлем жоғалған табыстың толық орнын басуға емес, жұмыссыз жүрген кезеңде азаматқа уақытша қаржылай қолдау көрсетуге арналған.

← Барлық жарияланымдарға