Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты энергетика кәсіпорындарындағы қызметкерлердің үлгілік сан нормативтерін өзектендіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
📍 20 қазаннан бастап Институт маманы М. Райхан «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2 нысанында хронометраждық бақылаулар жүргізіп жатыр.
Зерттеу барысында:
- Өндірістік операциялардың орындалу ұзақтығы өлшенеді;
- Жұмыс уақытының пайдаланылуы талданады;
- Қызметкерлермен сұхбаттар жүргізіледі;
- Кәсіпорындардың өндірістік ерекшеліктері мен автоматтандыру деңгейі ескеріледі.
Зерттеу Астана, Қарағанды, Степногор және Екібастұз қалаларындағы энергетикалық нысандарды, сондай-ақ аймақтық электр желілік компанияларды қамтиды.
Негізгі мақсат — энергетика кәсіпорындарының кадрларға нақты қажеттілігін ғылыми негізде анықтау және персонал санын тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретін нормативтерді жаңарту.
📅 Далалық зерттеу жұмыстары 2026 жылғы желтоқсан айының басына дейін жалғасады.



