2026 жылғы 29–30 қазанда Алматы қаласында «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ұйымдастырған «Микробиология мен вирусологияның биотехнологияны дамытуға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ғылыми-инновациялық бөлімінің басшысы М.Пернекулов «Қазақстандағы және халықаралық тәжірибедегі ұжымдық қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды салыстырмалы талдау» тақырыбында баяндама жасады.
Өз баяндамасында Марат Пернекулов ұлттық талаптар мен ұжымдық қорғаныс құралдарын қолданудың халықаралық тәсілдеріне салыстырмалы талдау ұсынып, нормативтік базаны жетілдірудің және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заманауи шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.



