🔹 Инстиутта Президент Жолдауындағы міндеттер талқыланды

2026 жылғы 2 қарашада Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен міндеттерді іске асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Жолдауда белгіленген міндеттер аясында ғылыми және коммерциялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысу, ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру және Институттың ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және алға қойылған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

🔗 Толығырақ

← Барлық жарияланымдарға