ЕҚРҒЗИ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша дәріскерлер мен тренерлерді даярлайды

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты «Оқыту жөніндегі маман (дәріскер, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тренер)» атты 72 академиялық сағаттық оқыту бағдарламасын іске асыруда.

📌 Бағдарлама «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандартының талаптарына сәйкес әзірленген және жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша сапалы білім бере алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Оқыту барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістемелерін, оқу бағдарламаларын әзірлеу тәсілдерін және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастырудың практикалық құралдарын меңгереді.

Сабақтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының сарапшысы Г.М. Рахимова жүргізеді.

Бағдарламаны іске асыру мамандарды даярлау сапасын арттыруға және ұйымдарда қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

← Барлық жарияланымдарға