Энергетика саласындағы қызметкерлер санының нормативтері ғылыми негізде жаңартылуда

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты энергетика кәсіпорындарындағы қызметкерлердің үлгілік сан нормативтерін өзектендіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

📍 20 қазаннан бастап Институт маманы М. Райхан «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2 нысанында хронометраждық бақылаулар жүргізіп жатыр.

Зерттеу барысында:

  • Өндірістік операциялардың орындалу ұзақтығы өлшенеді;
  • Жұмыс уақытының пайдаланылуы талданады;
  • Қызметкерлермен сұхбаттар жүргізіледі;
  • Кәсіпорындардың өндірістік ерекшеліктері мен автоматтандыру деңгейі ескеріледі.

Зерттеу Астана, Қарағанды, Степногор және Екібастұз қалаларындағы энергетикалық нысандарды, сондай-ақ аймақтық электр желілік компанияларды қамтиды.

Негізгі мақсат — энергетика кәсіпорындарының кадрларға нақты қажеттілігін ғылыми негізде анықтау және персонал санын тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретін нормативтерді жаңарту.

📅 Далалық зерттеу жұмыстары 2026 жылғы желтоқсан айының басына дейін жалғасады.

← Барлық жарияланымдарға