Өзгерістер жобасын талқылау жөніндегі отырыс өтті.

Астана қ.

2026 жылғы 18 тамызда ТР КО 019/2011 «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне № 2 өзгерістер жобасын талқылау жөніндегі отырыс өтті.

Отырысқа ЕҚРҒЗИ Бас директорының уақытша міндетін атқарушы А. Бекмагамбетов қатысты.

Отырыс барысында техникалық регламент талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін стандарттар тізбесін өзектендіру, сондай-ақ тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Институттың жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі саласындағы нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған жұмыстарға қатысуы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЖҚҚ #ТехникалықРегламент

← Барлық жарияланымдарға