Құрметті Лязат Мейрашқызы!

Астана қ.

Бүгін Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында институт ұжымы мен онлайн форматта қосылған филиалдардың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күн Институт ұжымы үшін ерекше мәнге ие. Біз институттың Бас директоры, медицина ғылымдарының докторы Ақтаева Лязат Мейрашқызын туған күнімен құттықтап, сонымен қатар оны құрметті демалысқа шығарып салдық.

Лязат Мейрашқызы — денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ғылыми және білім беру салаларында мол кәсіби тәжірибе жинақтаған, басқарушылық тәжірибесі қалыптасқан білікті маман. ЕҚРҒЗИ-ге басшылық еткен кезеңінде институттың дамуына, ғылыми-зерттеу әлеуетінің нығаюына және еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмыстың одан әрі жетілдірілуіне өз үлесін қосты.

Ерекше құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде Еңбек министрі А. Ертаевтың атынан жолданған құттықтау мұқабасы Лязат Мейрашевнаға салтанатты рәсімде табысталды.

Лязат Мейрашевнаның туған күні Институттың құрылған күнімен сәйкес келетіні де ерекше мәнге ие. Биыл институтқа 22 жыл толып отыр. Бұл күн — институттың тарихы, жетістіктері және оның дамуына үлес қосқан азаматтар туралы мақтанышпен айтуға тағы бір себеп.

💐Құрметті Лязат Мейрашқызы!

Осы айтулы күні Сізге Институттың дамуына қосқан үлесіңіз, кәсіби біліміңіз, басқарушылық тәжірибеңіз және өз еңбегіңізбен қалыптастырған жоғары кәсіби деңгейіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сізге зор денсаулық, амандық, жаңа жоспарлар мен оларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік тілейміз. Алдағы өмір кезеңі мазмұнды, жарқын оқиғаларға, қуанышқа және өзіңізге, жақындарыңызға арналған бақытты сәттерге толы болсын!

Туған күніңізбен!
Құрметпен және шынайы алғыспен — ЕҚРҒЗИ ұжымы!».

← Барлық жарияланымдарға