А. Бекмағамбетов 24KZ телеарнасына онлайн форматта сұхбат берді.

Бүгін Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Бас директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А. Бекмағамбетов 24KZ телеарнасына онлайн форматта сұхбат берді.

Сұхбат барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту қағидаларының жаңа редакциясына енгізілетін негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.

Атап айтқанда:

🔹 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлаудың бірыңғай ұлттық жүйесін қалыптастыру;

🔹 бірыңғай үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу;

🔹 Бірыңғай оқу-әдістемелік орталығын құру;

🔹 оқыту, білімді тексеру және нәтижелерді есепке алу процестерін цифрландыру;

🔹 білімді бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында прокторинг жүйесін енгізу;

🔹 оқыту ұйымдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру;

🔹 лекторлар мен сарапшыларды міндетті сертификаттау;

🔹 мамандарды даярлау сапасын арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар сұхбатта ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі мақсаттары мен күтілетін нәтижелері айтылып, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқыту жүйесінің тиімділігін арттыруға, білімді бағалау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және елімізде қауіпсіз еңбек мәдениетін нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласын жетілдіруге бағытталған бастамалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

← Барлық жарияланымдарға