2026 жылғы 13 қарашада Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Еңбек қатынастарын реттеудің конституциялық қағидаттары – адами капиталды дамыту және өмір сүру сапасын арттыру стратегиясының негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараға ЕҚРҒЗИ бас директорының орынбасары Алимжан Бекмагамбетов, Ғылыми зерттеулер орталығы басшысының орынбасары З.С. Жангабыл, аға ғылыми қызметкер Р.А. Тоқатова, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Т.А. Қазиев қатысты.
Конференция аясында Алимжан Бекмагамбетов «Халықаралық стандарттар контексінде Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы ұлттық заңнамасын жетілдірудің перспективалық бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудегі ғылыми зерттеулердің рөліне және өтемақы төлеуге негізделген тәсілден кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жүйеге көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2015–2026 жылдар аралығында ЕҚРҒЗИ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тәуекелге бағдарланған тәсілді дамытуға бағытталған 12 ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асырғаны атап өтілді.
Сонымен қатар Институт өкілдері ҚазҰУ-дың бейінді кафедрасының басшылығымен ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Университет кітапханасына ЕҚРҒЗИ зерттеулерінің нәтижелері бойынша әзірленген ғылыми-ақпараттық басылымдар сыйға тартылды.
🤝 ЕҚРҒЗИ ұйымдастырушыларға шақыруы және ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.





