🔹Институтта Бас директордың міндетін уақытша атқарушы тағайындалды.

2026 жылғы 7 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аппаратының басшысы Н.Т. Төлеевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК Бас директорының міндетін уақытша атқару Бас директордың орынбасары Отаров Ертай Жалғаспаевичке жүктелді.

Отаров Ертай Жалғаспаевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор. Денсаулық сақтау және ғылым саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек жолын кіші ғылыми қызметкерден бастап, «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» Басқарма Төрағасы лауазымына дейінгі үлкен басқарушылық мектептен өткен. Оның кәсіби білімі мен мол тәжірибесі Институттың қызметін одан әрі дамытуға және негізгі міндеттерін тиімді іске асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіреміз.

Кеңес барысында Министрлік басшылығы Е.Отаровқа жаңа қызметінде табыс тілеп, еңбек заңнамасын жетілдіру, Институттың негізгі міндеттерін тиімді іске асыру және белгіленген даму көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында сәттілік тіледі.

Е.Отаровқа жаңа қызметінде кәсіби табыс, толағай жетістіктер және жаңа нәтижелер тілейміз!

← Барлық жарияланымдарға