2026 жылғы 20–21 мамыр күндері Өскемен қаласында «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі әлеуметтік диалог арқылы еңбекті қорғауға жәрдемдесу» тақырыбында үшінші семинар өтті.
Іс-шараны Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) ұйымдастырып, оған Шығыс Қазақстан өңірінің тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының 40-тан астам қызметкері қатысты.
«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК аталған семинардың серіктесі ретінде қатысып, ғылыми-зерттеулер оратлығының басшысы Еділбаева Л.И. мен өңірлік үйлестіруші Омарова А.Т. семинар қатысушыларымен ХЕҰ-ның №176 Конвенциясының негізгі талаптары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік өндірістік тәжірибелер, сондай-ақ тау-кен өндірісіндегі жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың теориялық және практикалық әдістері жөнінде тәжірибе алмасты.
Семинар барысында өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін дамыту, еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру және өнеркәсіп саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
ЕҚРҒЗИ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заманауи тәсілдерді ілгерілету, кәсіби құзыреттерді дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.



