Президент Жолдауы – 2026

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының басшылығы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын онлайн форматта тыңдады.

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформация, ғылым мен инновацияның рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Президент айқындаған басымдықтар экономикасы қуатты, инфрақұрылымы заманауи және халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, технологиялық тұрғыдан дамыған Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.

Аталған бағыттар өндірістік нысандарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау саласы үшін де ерекше маңызға ие. Ғылыми жетістіктер мен цифрлық шешімдерді тиімді пайдалану қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға, кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

← Барлық жарияланымдарға