Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты «Қаражанбасмұнай» АҚ мамандарына кәсіптік тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша оқыту өткізді.
Оқыту барысында қатысушылар жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқарудың негізгі тәсілдері мен практикалық аспектілерін қарастырды. Ерекше назар кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа қағидаларын қолдануға, сондай-ақ олардың алдын алу және төмендету шараларына аударылды.
Оқытуды ЕҚРҒЗИ Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығының басшысы Есбенбетова Ж.Х. жүргізді.
🎓 Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға оқудан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
Мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру — кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.
#ЕңбекҚауіпсіздігі #КәсібиТәуекелдер #ТәуекелдердіБағалау #Қаражанбасмұнай #Оқыту



