Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында «Оқыту жөніндегі маман (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі лектор, тренер)» бағдарламасы бойынша 72 академиялық сағаттық оқу курсы өтуде.
Оқу 2026 жылғы желтоқсанның соңына дейін жалғасады.
Бағдарлама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқыту жүргізетін мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Курс барысында қатысушылар ересектерді оқытудың заманауи әдістерін меңгеріп, оқу бағдарламаларын әзірлеуді, цифрлық құралдарды қолдануды және тиімді тренингтер өткізуді үйренеді. Курсты Г.М. Рахимова жүргізеді.
Оқыту барысында практикалық сабақтарға, оқытушылық дағдыларды дамытуға және оқу нәтижелерін бағалауға ерекше көңіл бөлінеді.



