🔹 Еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 29 қазанда Астана қаласында Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен аяқталуға жақын ғылыми-техникалық бағдарламалардың қорытындыларын талқылауға арналған екі дөңгелек үстел өтті.

Іс-шаралар барысында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, кәсіптік тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық технологияларды енгізу және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Дөңгелек үстелдердің жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.

← Барлық жарияланымдарға