Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басымдықтар Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу және сараптамалық қызметін одан әрі дамыту үшін маңызды.
Институт құзыреті шеңберінде мынадай бағыттардың өзектілігі ерекше:
Цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу
Мемлекет басшысы белгілеген цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні енгізу бағыты еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың цифрлық құралдарын дамыту және еңбек жағдайларын мониторингтеудің заманауи технологияларын қолдану үшін өзекті.
Индустриялық-технологиялық даму
Өнеркәсіпті технологиялық жаңғырту басымдықтары өндірістік процестердегі өзгерістерді ғылыми сүйемелдеу, еңбекті ұйымдастыру мен нормалау тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ еңбек жағдайларын бағалау кезінде заманауи технологиялық шешімдерді ескеру қажеттігін айқындайды.
Әлеуметтік саясатты жетілдіру
Жолдаудың әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға бағытталған ережелері жұмыскерлерді, оның ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау тетіктерін ғылыми зерделеу және кәсіптік тәуекелдерді ескеретін тәсілдерді дамыту үшін маңызды.
Тұрақты дамуды ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету
Жолдауда белгіленген әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды іске асыру еңбекті қорғау жүйесін жетілдіруге және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізделген шешімдердің, сараптамалық бағалаудың және қолданбалы зерттеулердің маңызын арттырады.
