🔹ЕҚРҒЗИ өкілдері «Конституция және адам» форумына қатысты

2026 жылғы 9 қазанда ЕҚРҒЗИ өкілдері азаматтардың құқықтарын қорғауға, еңбек қатынастары мен әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналған сараптамалық алаңға тыңдаушы ретінде қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттауға бағытталған іс-шаралар аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Конституция және адам: Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының еңбек пен әлеуметтік қорғаудың жаңа кепілдіктері» атты форум ұйымдастырды.

Басқосуға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың өкілдері жиналды. Қатысушылар еңбек саласындағы конституциялық кепілдіктерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын, халықты әлеуметтік қорғау тетіктерін күшейтуді және азаматтарға қолдау көрсетудің жаңа құқықтық құралдарын енгізуді талқылады.

Мұндай алаңдарға қатысу мемлекеттік саясаттағы өзекті өзгерістерден хабардар болуға, тәжірибе алмасуға және қазақстандықтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау ісіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.

← Барлық жарияланымдарға