2026 жылғы 9 шілдеде «Әділет» партиясының алаңында «Заманауи әлеуметтік саясат: әділеттілік, қолдау, даму» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.
Іс-шара аясында «Әлеуметтік-еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту» секциясында еңбек нарығын дамыту, еңбек заңнамасын жетілдіру және жұмыспен қамтудың жаңа нысандарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
🎤 Республикалық еңбек қорғау ғылыми-зерттеу институты бас директорының міндетін атқарушы Әлімжан Бауыржанұлы Бекмағамбетов платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу мәселесі бойынша баяндама жасап, цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында платформалық еңбекті нормативтік-құқықтық реттеуді одан әрі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар сондай-ақ көлеңкелі және цифрлық жұмыспен қамту, инклюзивті білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі және цифрлық ортаның жастардың психологиялық денсаулығына әсері мәселелерін талқылады.
🤝 Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік саясатты жетілдіруге және әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.
#ЕҚРҒЗИ #ЕңбектіҚорғау #ӘлеуметтікСаясат #ЖұмыспенҚамту #ПлатформалықЖұмыспенҚамту #ЕңбекЗаңнамасы #Қазақстан



