Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты Бас директорының орынбасары Әлімжан Бекмағамбетов Atameken Business телеарнасының эфирінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімді тексерудің жаңа қағидаларына енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 223 бұйрығымен енгізілетін жаңа тәсілдер талқыланды. Құжатта оқу орталықтарына қойылатын бірыңғай талаптар, олардың тізбесін қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ қызметкерлердің жекелеген санаттарын даярлаудың ерекшеліктері айқындалған.
Жұмыс берушілердің, оқыту ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Қағидаларды қолданысқа енгізу мерзімін 2026 жылғы 12 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Жаңа талаптар күшіне енгенге дейін Министрлік әлеуметтік әріптестермен, кәсіподақтармен, бизнес-қоғамдастықпен және сарапшылармен бірлесіп оларды жан-жақты талқылауды жалғастырады. Талқылау қорытындысы бойынша теңгерімді шешімдер әзірленіп, қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
📺 Сұхбаттың толық нұсқасын Atameken Business телеарнасынан көре аласыздар.
# ЕҚРҒЗИ #ЕХӘҚМ #ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #Оқыту #Қазақстан



