Қазақстанда «QH – мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында балаларға жеке қажеттіліктеріне қарай техникалық оңалту құралдары уақытша пайдалануға тегін беріледі.
Мамандар қажетті жабдықтарды таңдап, баптайды, ата-аналарға оларды қолдануды үйретеді, оңалту процесінде сүйемелдеу көрсетіп, қол жеткізілген нәтижелерді бақылайды.
Бүгінде жоба Қазақстанның бес өңірін қамтиды. 2026 жылдың соңына дейін оны тағы үш өңірде іске қосу жоспарланып отыр.
▶️ Үй жағдайында оңалту қалай жүргізіледі, отбасылар қандай қолдау алады және жобаға қалай қатысуға болады? Толығырақ бейнематериалда.



