Асыраушысынан айырылған жағдайда отбасын қосарлы әлеуметтік қорғау

Қазақстанда асыраушысынан, яғни еңбек етіп, отбасын асырап отырған адамынан айырылған жағдайда әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі қарастырылған. Мұндай жағдайда оның отбасы тұрақты қаржылай көмектің екі түрін ала алады.

Біріншісі – республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық жәрдемақы. Ол асыраушының еңбек өтіліне, жұмыспен қамтылуына және жалақысының мөлшеріне қарамастан тағайындалады.

Екіншісі – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін қосымша әлеуметтік төлем. Бұл төлем асыраушы ресми түрде жұмыс істеп, ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда оның жақындарына тағайындалады. Төлем мөлшері жеке есептеледі және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен ресми табыс көлеміне байланысты болады.

Төлемдерді кімдер ала алады және оларды қалай рәсімдеу керек? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

🔗 Толығырақ

← Барлық жарияланымдарға