2026 жылғы 5 қазанда «Республикалық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-да Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырысқа ЕҚРҒЗИ-дың бас директорының міндетін атқарушы Бекмагамбетов А.Б. төрағалық етті. Ғылыми кеңестің жұмысына 10 мүше қатысты, оның ішінде 2 мүше қашықтан қосылды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Институттың ғылыми-техникалық бағдарламалары шеңберінде орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қарау және 2026 жылғы III тоқсан бойынша аннотациялық есептерді бекіту болды.
Отырыс барысында төрт ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша нәтижелер ұсынылды:
- «Жасыл экономикаға көшу шеңберіндегі еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдер: жіктеу, санаттарға бөлу және топтастыру критерийлері» (ИРН BR22182667);
- «Қазіргі жағдайдағы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік кепілдіктер берудің мемлекеттік тетігін трансформациялау» (ИРН BR22182673);
- «Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік ауруларын анықтау және алдын алу тетіктерін жетілдірудің ғылыми-әдіснамалық негіздері» (ИРН BR35237876);
- «Қызметкерлерді еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінен ұжымдық қорғау құралдарын таңдау және қолдануды нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық реттеуді оңтайландыру бойынша ғылыми негізделген стратегия әзірлеу» (ИРН BR35237968).
Әрбір бағыт бойынша ғылыми қызметкерлер жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелерін ұсынып, алынған ғылыми және практикалық нәтижелерді, сондай-ақ іске асырылып жатқан бағдарламалар аясындағы жұмыстың алдағы бағыттарын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес 2026 жылғы III тоқсан бойынша барлық төрт ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша аннотациялық есептерді бекітіп, оларды тапсырыс берушіге жіберу туралы шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер Ғылыми кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы бірауыздан қабылданды.



