ЕҚРҒЗИ ASTANA ESG FORUM 2026 форумына қатысты

2026 жылғы 5 қарашада «Ұсынымдардан нақты іс-қимылға: Қазақстандағы ESG күн тәртібінің ілгерілеуін талдау» тақырыбында II ASTANA ESG FORUM 2026 өтті.

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты форумға қатысып, көрме стендінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін таныстырды.

Форум қатысушыларын Институттың жетістіктерімен Бірыңғай оқу-әдістемелік орталығының оқу бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исекеев және Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығы басшысының орынбасары Анар Ибраева таныстырды.

SOCIAL «Әлеуметтік капитал және инклюзивтілік: нәтижені өлшеу» тақырыптық сессиясы аясында ЕҚРҒЗИ Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Гүлмира Насырова «Экономиканың трансформациясы жағдайындағы лайықты жұмыспен қамту» тақырыбында баяндама жасады.

Форумға қатысу Институттың ғылыми жетістіктерін таныстыруға, сондай-ақ орнықты даму аясында қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.

← Барлық жарияланымдарға