2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматыда, «Ғылым ордасы» алаңында, ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұйымдастырған 2027–2029 жылдарға арналған ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ЕҚРҒЗИ Бас директоры орынбасарының м.а. Инара Сарыбаева қатысты.
Кеңесте ұлттық ғылыми-технологиялық форсайт нәтижелері негізінде анықталған жаңа тәсілдер таныстырылды: 70 сараптамалық сессия аясында шамамен 220 ғылыми-технологиялық міндет белгіленген. Қатысушыларға бес интеграцияланған басымдық ұсынылды — олардың қатарында халықтың денсаулығы мен өмір сапасы, мемлекет пен қоғамның кешенді қатерлерге төзімділігі бағыттары да бар..
ЕҚРҒЗИ үшін бұл жұмысқа қатысу еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, кәсіби тәуекелдерді басқару саласындағы зерттеулерді ел дамуының стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік ашады.



