EXPO ХКО-да KIOSH 2026 конференциялық бағдарламасы «Кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесіндегі заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдер» панельдік сессиясымен басталды.
Модератор: Лязат Актаева, РҒЗЕОТ бас директоры, м.ғ.д.
Сессия барысында тәуекелге бағдарланған модельге көшу, еңбек жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық бағалаудың рөлі, халықаралық стандарттармен үйлестіру, тәуекелдерді бағалаудың цифрлық құралдары және жаңа талаптарды кәсіпорындар мен мемлекеттік еңбек инспекциясы деңгейінде іс жүзінде енгізу мәселелері талқыланды.
🔹 Спикерлер:
- Дарко Дочински — ХЕҰ-ның еңбек инспекциясы және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі бюро маманы
- Михаил Пушкин — ХЕҰ бюросының директоры (бейнеүндеу)
- Николай Брюханов — «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті
- Лаура Едильбаева — РҒЗЕОТ ғылыми зерттеулер орталығының жетекшісі, м.ғ.к.
- Нуржан Кисабеков — ҚР ДСМ ҚСЭК басқарма басшысы
- Марина Товстий — РФ Еңбек министрлігі Еңбек ғылыми-зерттеу институтының еңбек қауіпсіздігі зерттеу орталығының директоры
- Марат Имаш — ҚРКК бас техникалық инспекторы
- Медеу Ахметов — Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы
Қатысушылар кәсіби тәуекелдерді басқарудың проактивті және цифрлық жүйесіне көшу қажеттігін атап өтті.



