12 ноябрь🔹 ЕҚРҒЗИ мамандары АО Астана Энергияда зерттеу жұмыстарын жүргізді

2026 жылғы 3–6 қараша аралығында Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының мамандары электр энергетикасы саласы қызметкерлерінің санын айқындауға арналған үлгілік нормативтерді әзірлеу жобасы аясында «АО Астана Энергияға»жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Институт мамандары хронометраждық бақылау жүргізіп, өндірістік процестерді және кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақытын нақты жұмсау көрсеткіштерін зерделеді.

Алынған деректер ғылыми негізделген қызметкерлер санының үлгілік нормативтерін әзірлеуге пайдаланылады. Бұл Қазақстанның электр энергетикасы саласында еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған.

← Барлық жарияланымдарға