Бүгін институтымызға «Отбасы банк» өкілдері келіп, қызметкерлерімізге банктің жинақ және тұрғын үй бағдарламаларымен таныстырды. Мамандар үй алудың тиімді жолдарын түсіндіріп, қызықтырған сұрақтарға жан-жақты кеңес берді.
Кездесу барысында ұжым мүшелері өздерінің жеке жағдайына қарай қай бағдарлама қолайлы екенін білді, сондай-ақ жинақтау мен тұрғын үй алу шарттарымен танысты.
Қызметкерлеріміздің әл-ауқатына қамқорлық жасау, олардың тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсету — біз үшін маңызды.
Өз уақытын бөліп, пайдалы ақпарат бергені үшін «Отбасы банк» мамандарына алғыс айтамыз! 🤝



