Кездесуді Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісінің м.а. Сәуле Исабекова жүргізді.
Кездесу барысында:
🔹 ХЕҰ-ның кәсіпкерлікті дамыту және «жасыл» жұмыс орындары жөніндегі аға маманы Кристина Мартинез PAGE бойынша «көк» қаржыландыруды бағалауға шолу жасады;
🔹 ХЕҰ-ның халықаралық консультанты Сирин Элчи мүдделі тараптарға сауалнама жүргізу туралы баяндады;
🔹 ХЕҰ-ның ұлттық консультанты Нұртуған Ерекенов негізгі бағыттарға тоқталды;
🔹 ЕҚРҒЗИ Бас директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әлімжан Бекмағамбетов жасыл экономикаға көшудің жұмыс орындарына, еңбек жағдайларына әсерін зерттеу нәтижелерімен және Институттың ғылыми-зерттеу қызметімен таныстырды.
Кездесу соңында сұрақ-жауап пен қорытынды талқылау өтті.
Институт атынан Бас директордың м.а., медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ертай Отаров, Бас директордың орынбасары Әлімжан Бекмағамбетов, сондай-ақ Инара Сарыбаева, Айман Искакова және Марат Пернекулов қатысты.



