🔹5 қазанда Астанада Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен, «AQNIET» денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағын қолдау аясында «Sarap» сараптамалық клубының «Дәрігердің мәртебесі және медицина қызметкерінің кепілдіктері – ұлттық қауіпсіздік факторы ретінде» тақырыбындағы отырысы өтті.

Астана қ.

Отырысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директорының м.а., заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бекмағамбетов спикер ретінде қатысты.

Қатысушылар медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерін жетілдіру, кадр тапшылығы, кәсіби тәуекелдерді азайту, еңбекақы төлеу жүйесі, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру және құқықтық қорғау мәселелерін талқылады.

Кездесудің мақсаты – медицина кадрларына арналған кепілдіктер жүйесін жетілдіру бойынша практикалық және заңнамалық ұсыныстар әзірлеу.

← Барлық жарияланымдарға