Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде алқа отырысы өтті..

Астана қ.

Алқа отырысын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев ашып, министрлік жүйесіндегі ұйымдардың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерін атап өтті.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Бас директоры Л. Ақтаева Институттың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің негізгі нәтижелерін таныстырды.

Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру, кәсіптік тәуекелдерді бағалау, еңбек жағдайларын жіктеуді жетілдіру, сараптамалық және білім беру қызметтерін дамыту, халықаралық ғылыми ынтымақтастық және кәсіптік тәуекелдерді басқаруды цифрландыру мәселелері қамтылды.

Сондай-ақ 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған Институттың негізгі міндеттері белгіленді.

← Барлық жарияланымдарға