2026 жылғы 26 тамызда ЕҚРҒЗИ Қазақстан Республикасының мемлекеттік еңбек инспекторларына арналған кезекті онлайн-вебинар өткізді.

Астана қ.

Вебинардың тақырыбы – «Еңбек заңнамасының негізгі мәселелері мен проблемалары. ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер».

Іс-шара барысында қатысушылар еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелерін қарастырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістермен танысты. Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторларының практикалық қызметінде туындайтын мәселелер талқыланды.

Вебинарды Исекеев Нұрлан Балыкбаевич, ЕҚРҒЗИ Біріңғай оқу-әдістемелік орталығы оқу бөлімінің меңгерушісі жүргізді.

Вебинардың спикері – Курасова Анастасия Михайловна, еңбек мәселелері бойынша консультант, бизнес-тренер.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік алды.

← Барлық жарияланымдарға