ЕҚРҒЗИ– Savvy Business – National and Kapodistrian University of Athens кездесуі

Кездесудің мақсаты – ЕҚРҒЗИ-дың халықаралық жобалардағы рөлін кеңейтіп, оны қаржыландырылатын ұлттық ғылыми-зерттеу және іске асырушы серіктес ретінде дамыту мүмкіндіктерін талқылау.

Кездесу барысында World Bank, ЕО, Horizon Europe және Erasmus+ бағдарламалары аясында бірлескен жобаларды әзірлеу, еңбек қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулер мен оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ халықаралық консорциумдарға қатысу мәселелері қарастырылды.

Тараптар ЕҚРҒЗИ-дың ұлттық сараптамалық және ғылыми әлеуетін Грекия өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылатын халықаралық жобаларға тиімді интеграциялау бағыттарын талқылады.

← Барлық жарияланымдарға