🇰🇿 ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін оңалту қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруда.

Солардың бірі – «QH – мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасы. Жоба аясында балалар өздеріне қолайлы үй жағдайында, жеке қажеттіліктеріне сай іріктелген оңалтудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, қажетті көмек ала алады.

Бүгінгі таңда жобаға 691 бала қатысуда. Олардың 430-ы оңалту шараларын аяқтады. Балалардың функционалдық дағдыларында 550 оң өзгеріс тіркелді.

Қазіргі уақытта жоба Қазақстанның бес өңірінде жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта оны кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр.

▶️ Жобаның жүзеге асырылу барысы мен қол жеткізген нәтижелері туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

← Барлық жарияланымдарға