🇰🇿 Қандастардың жаңа ортаға тезірек бейімделуіне қолдау көрсету – маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта еліміздің жеті өңірінде Бейімдеу және интеграциялау орталықтары жұмыс істейді.

Орталықтар қандастарға құжат рәсімдеуден бастап, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру мәселелері бойынша жан-жақты көмек көрсетеді.

▶️ Абай облысындағы Бейімдеу орталығы қандастарға қандай көмек көрсетеді және олардың жаңа ортаға бейімделуіне қалай қолдау білдіреді? Орталықтың жұмысы туралы толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар.

← Барлық жарияланымдарға