Осы мақсатта Ұлттық ғылыми орталық пилоттық жобаны жүзеге асыруда: азаматтарға кресло-арбалар мен жүріп-тұруға арналған құралдар уақытша өтеусіз пайдалануға беріледі.
Бұл жоба Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын алу немесе бұрын берілген құралдарды жөндеу кезеңінде де оңалту көмегінің үздіксіз көрсетілуіне мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба 2026 жылғы 1 шілдеде Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында басталды. Қыркүйек айынан бастап оған Алматы қаласы да қосылды.
▶️ Жобаға қалай қатысуға болады? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.



