Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік төлем әр адамға жеке есептеледі. Оның мөлшері асыраушының еңбек қызметіне қосқан үлесіне байланысты.
Есептеу кезінде үш негізгі фактор ескеріледі: асыраушының ресми табысы, асырауындағы адамдардың саны және оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі. Бұл төлем бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Одан ештеңе ұсталмайды.
Есептеу формуласының қалай жұмыс істейтінін бейнематериалдан көре аласыз.



